Арыста барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмыс істей бастады

02 шілде, 18:00

Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ТО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылуда.

Қаладағы сауда орындары мен базарларда, дүкендерде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдар сатылып жатыр. Ұн, макарон өнімдері, киім-кешек, көкөніс сатылымға шықты.

Мал базары да ашылды. Кәсіпкерлер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Айта кетейік, Арыс қаласында 340-тан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Оның ішінде 164 дүкен, 5 базар, 8 тойхана, 28 кафе, 6 наубайхана, 5 дәмхана, 5 қонақ үй тіркелген. Сауда нысандарына зақым келген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже