Арыста бүгінге дейін 30 700 снаряд қалдықтары табылды

04 шілде, 17:08

Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен брифингте "Оңтүстік" өңірлік әскери қолбасшысының орынбасары Ермиян Биятов айтты деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Арыс қаласында снаряд қалдықтарынан тазарту жұмыстары жалғасуда. Саперлар жарылыс орнынан 20 шақырым қашықтықтағы радиуста залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақты қашан аяқталатыны белгісіз дейді "Оңтүстік" өңірлік әскери қолбасшысының орынбасары Ермиян Биятов. Оның айтуынша Арыс тұрғындарына келер ешқандай қауіп жоқ.

"Арыстағы радиациалық жағдай қалыпты. Саперлар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар Арыстағы жарылыс орнынан 20 шақырым радиуста тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бұрын айтқанымдай, тұрғындар снаряд қалдықтарын көрген жағдайда 112 нөмірлеріне хабарласулары керек. Ал жалпы, бейбіт тұрғындарға келер ешқандай қауіп жоқ",-деді Ермиян Биятов.

Снаряд қалдықтары бойынша мәселен бүгін 537 үй иесі хабарласты деген Биятов күніне 80-60 фрагмент табылатынын тілге тиек етті. Жалпы алғанда қала аумағынан 30700 снаряд қалдықтары табылды. Олар 60 шақырымда орналасқан полигонда жиналуда. Ары қарай жиналған қалдықтардың көзі жойылатын болады.

Сондай-ақ, снаряд қалдықтары Арыс қаласы маңындағы ауылдардан да табылып жатқанын айтқан Ермиян Биятов «жалпы жарылыстан нақты қанша адамның көз жұмғаны тергеуден кейін белгілі болады, ал қоймада қалған оқ-дәрілердің көлемі әскери құпия», деп жауап берді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже