Арыста кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

12 шілде, 09:28

Бүгін Арыс қаласында осымен екінші рет тауар өндірушілерінің ұсынуымен, ауылшаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Еlitar.kz тілшісі.

Тауар бағасы нарықтағыдан 30 пайызға төмен. Жалпы жәрмеңкеге 169 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілді.

«Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты облыстың тауарөндірушілері бей-жай қарап қалмады. Апат орын алған күннен бастап басқарманың,облыс әкімінің сенім телефондарына өзі өндірген өнімінің бір бөлігін тегін бағада сату үшін жан-жақты хабарламалар келіп түсті. Ол өнімді сол күннен бастап тегін түрде тарқатты. Және онымен тоқтап қалмай, міне бүгін екінші рет арнайы 30 пайызға ұсынып отыр. Жалпы бүгінгі жәрмеңкеге 62 млн теңгенің өнімі ұсынылып отыр. 169 тонна өнім бүгін сатылады»,- деді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.


Жәрмеңкеге 34 тонна ет және ет өнімдері, 24 тонна сүт , 44 тонна көкөніс, 24 тонна бақша, 16 тонна жеміс-жидек өнімдері, 5 тонна балық, 2 тонна бал, және әр-түрлі өнімдер 14 тонна көлемінде келіп отыр.

Бағасы 30 пайызға арзан. Мысалы, жылқы еті 1800 теңгеден сатылып жатса, мұнда 1300 теңге. Қой еті 1700 теңгеден сатылып жатса, мұнда 1300 теңге, сиыр еті 1700-1800-ден сатылып жатса, мұнда ол 1200 теңгеден сатылуда. Күрке тауық еті 700 теңгеден, балық еті 550 теңгеден. Қияр 70 теңге болса, қызанақ 150 теңге,

"Жәрмеңке кешке дейін жалғасады. Егер қажеттілік туындаса апта сайын мұндағы жағдай қалыпқа келгенше тауарөндірушілер өз өнімдерін ұсынуға, біз ұйымдастыруға дайынбыз",- деп толықтырды басқарма басшысы.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже