Арыстағы оқиға: қала көшелері енді қауіпсіз

27 маусым, 14:44

27 маусымдағы мәлімет бойынша Арыс қаласы аумағындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында ҚР ІІМ-нің жеке құрамынан 1488 адам және 189 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ТО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"Қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелерінен 43 топ құрамында 408 адам Арыс қаласын, темір жол станциясы мен көшелерді тазалады. Сондай-ақ әскери бөлім аумағындағы жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 5700-ден астам әскери снарядтар табылып, арнайы техникамен көшіруге дайындалды.

Жалпы инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым темір жол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты",-делінген хабарламада.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже