Арыстағы оқиға: ауруханаларда 50 адам жатыр

01 шілде, 09:30

Ауруханаларда Арыс қаласындағы жарылыстардан зардап шеккен 50 адам қалып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Төрт ауыр науқас Нұр-Сұлтан мен Алматы ауруханаларына ауыстырылды.

"Медициналық көмек штаттық тәртіпте көрсетіледі, барлық қажетті дәрі — дәрмектер бар", - деп атап өтті Біртанов.

Арыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 17 жедел медициналық жәрдем бригадасы, төрт жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді, сондай-ақ халықтың санэпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету үшін Ұлттық сараптама орталығынан 18 маманы, 2 жылжымалы зертхана жұмыс істейді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже