Арыстағы үйлердің 85 %-ы жөндеуді қажет етеді

15 шілде, 14:07

Арыс қаласында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен пресс-тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Шара барысында министрліктің тікелей үйлестіруімен жүргізіліп жатқан қаладағы зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары БАҚ өкілдеріне таныстырылды.

«Біз әрбір тұрғын үйді тұрақты бақылауға алдық. Егер тіпті желдеткіш немесе терезенің әйнегі сынған болса да, біз бұл жайттардың барлығын ескердік және жөндеуге мұқтаж тұрғын үй нысаны ретінде тіркеуге алдық»,-деді Қайырбек Өскенбаев.

Арыс 17 секторға бөлініп, оларға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар бекітіп берілген. Олар құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. ИИДМ өкілдері қаланы қалпына келтірудің жеделдігін бақылауда.

«Біздің министрлік барлық жөндеу жұмыстарын құруға және құрылымдауға белсенді түрде қатысады. Біз Түркістан облысының әкімдігі, облыс әкімдіктері мен үкіметтік органдар арасындағы байланыстырушы буын болып табыламыз және құқықтық және материалдық базаны қамтамасыз ету үшін барлық өзара қарым-қатынастардың логистикасын құрудамыз», - деп хабарлады ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, қайта қалпына келтіру жұмыстары құрылыстардың зақымдану дәрежесін тексеріп, анықтаудан кейін басталды. Тексеріс нәтижесі бойынша, қаладағы үйлердің 85 % жөндеуді қажет етеді.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже