Арыстағы жарылыс: Шымкентті 27 мың тұрғын паналап отыр

26 маусым, 19:30

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов БАҚ өкілдеріне берген арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

26691 - бұл ресми тіркелгендері гана. Себебі қалада жарылыстардан бас сауғалап, өз аяктарымен келген тағы да мындаған тұрғын бар. Олар әлі эвакуациялық орталықтарда ресми тіркеліп үлгермеген, бүгінде қаладағы туыстарының үйін паналап отыр.

"Біз бірден 60-қа жуық автобус бөлдік. Сол автобустармен Арыстағы адамдарды алып шықтық. Тұрғындардың көбі өз аяқтарымен келді. Қазіргі уақытта 49 пункт аштық. Олар мектептерде, ЖОО жатақханаларында және колледждерде орналасқан. Қазіргі уақытта Шымкенттегі бұл пункттерде 26691 мың арыстықтар тіркелді. Оның ішінде 7941 адам эвакуациялық пункттерге орналасты. Олардың 2870-і балалар. Осы күндері 19 бала жоғалған еді. Бірақ біздің мамандар мен журналистер, әлеуметтік желілердің арқасында 19 бала өз отбасыларына оралды. ",-деді шахар басшысы.

Әкімнің айтуынша, барлық азаматтар медициналық тексерулерден өткізіліп жатыр. Киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

"Өңірлерден жан-жақты көмек келіп жатыр. Соның бәрін біз пункттегі азаматтар мен қалада туыстарында тұрып жатқан азаматтарға таратып беріп жатырмыз",- деді Ғабидолла Әбдірахымов брифинг барысында.


Фото: Береке Сейітжаппар



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже