Арыс оқушылары мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді

08 шілде, 18:47

«Біз Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә. Жангелдин атындағы мектепте, Алматы қаласы «StartTimе» ЖШС-нің бастамасымен «Мектепке даярлық» атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтарымен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бұл сыйлықтар «StartTime.kz» порталында Арыс қаласына көмек ретінде 400-ден аса қазақстандықтан жиналған 2 млн. 700 мың теңге қаражат есебінен жасалды.

Айта кетейік, 26 маусымнан бастап «StartTimе» ЖШС-нің еріктілер тобы Шымкент қаласындағы эвуакуациялық пункттерде көмек көрсетті. Осы көмектен соң, жиналған 1,4 млн теңге қаражатты Арыс қаласындағы көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке арналған сөмке, тағы басқа оқуға қажетті жабдықтар алуға жұмсау туралы шешім қабылдаған болатын.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже