Арыстықтар ет алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды

05 шілде, 11:10

Арыс қаласында қайырымдылық акциясы аясында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Бүгінгі жәрмеңкеге 180 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімдері келіп отыр. Оның ішінде 24 тоннадан астам ет және ет өнімдері нарықтағы бағадан 50 пайызға сатылып жатыр. Арыстықтар еттің келісін 950-1000 теңгеден алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды.

«Қойдың етін 1000 теңгеден алдым. Бірнеше күн болған ет алмағанымызға. Қолжетімді. Осындай жәрмеңке тағы екі-үш рет ұйымдастырылса аяққа тұрып кетеміз. Бұған дейін базарда қойдың еті 2000 теңге болған. Ұзын-сонар кезек болатынын біліп таңғы сағат 7-ден бастап келдік»,-деді Арыс тұрғыны.

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласының орталық алаңында ауылшаруашылығы өнімдерінің қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауарөндірушілер өз өнімдерін шығарды. Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырушы Түркістан облысының әкімдігі.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже