Арыстықтарға қажетті көмек пен азық түлік, қажетті заттар "Көрме" орталығына келіп түсуде

25 маусым, 13:54

"Көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізгісі келгендер «Көрме» орталығына алып барғаны жөн. Заттар мұқтаж жандарға сол жерден таратылады",-дейді ұйымдастырушылар.


Яғни, Түркістан, Отырар, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш пен Ордабасы аудандарына сол жерден қажетті заттар жіберіледі. Төменде аталған аудандардың жауапты өкілдерінің байланыс нөмерлері көрсетілген.

1.Түркістан қаласы. Ақмарал Батырбекова – 8701-606-62-72
2.Шардара қаласы. Ақшагүл Бердалиева – 8778-188-19-65
3.Орынар ауданы. Жанат Мусатаева – 8771-795-60-60
4.Қазығұрт ауданы. Асан Усенбаев – 8705-868-15-65
5.Сарыағаш ауданы. Бауыржан Майрыхов – 8707-779-19-74
6.Ордабасы ауданы. Шұға Турабаева – 8778-403-90-00

Айта кетейік, Арыс қаласында 24 маусым күні орын алған жарылыстар салдарынан тұрғындар үйлерін асығыс тастап, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды. Келіп жатқан арыстықтардың көбеюіне байланысты Шымкентте эвакуациялық пункттер саны 31-ге дейін артты. 12.40 (25 маусым) жағдай бойынша Шымкенттің эвакуациялық пункттеріне 2366 адам қабылданды.


Сондай-ақ, адамдар ағынының көбеюінен Шымкенттегі орталық "Ақмешітте", эвакуация пункттері орналасқан қала мектептерінде Арыстан көшірілген адамдарға арналған гуманитарлық көмектер қабылануда.

Арыс тұрғындарына көмек ретінде мекемелер мен ұйымдар өздерінің бір күндік жалақыларын аударуда. Олардың қатарында "Shymkent" ӘКК АҚ ұжымы да бар.

"Достар...Өздеріңіз білетіндей, бүгін Арыс әскери бөлімінде жарылыс болды. Тұрғындар эвакуацияланды. Бірнеше зардап шеккендер бар, олар ауруханада. Бұл қиын уақытта біз отандастарымызды қолдауға тиіспіз. "Shymkent" ӘКК АҚ-ның барлық ұжымы зардап шеккен отбасылар мен Арыс тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды. Сіздерді де сауапты бастамаға қосылуға шақырамыз. Жұмыла жұдырық болайық!", деп жазды "Shymkent" ӘКК Басқарма төрағасы Рашид Аюпов өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Арыстықтарға ең қажетті заттар - балалар тағамы, бір жолғы жөргектер, гигиеналық заттар, балаларға арналған киім-кешектер, әйелдерге арналған гигиеналық құралдар, балаларға арналған құрғақ сүттер, т.б.


Фото: Береке Сейітжаппар.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже