Айдын Рахымбаев Арыстағы 100 үйді қайта қалпына келтіруге 100 млн теңге бөлді

26 маусым, 11:00

Бұл туралы танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Біздің компанияның қызметкерлері де сол жерде, Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр. Әскерилердің қалаға кіруге рұқсат бергенін күтіп отырмыз. Сол кезде үйлерді жөндеуге кірісеміз. Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрлысқа қажетті материалдармен шығуға дайын. 100 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы кемі 100 үйді жөндеуге жетіп қалар деп ойлаймын. Егер қажет болып жатса, үстінен тағы қосамыз. Жерлерстер өздеріңізге бекем болыңыздар, бәрі жақсы болады. Біз сіздермен біргеміз»,-деп Айдын Рахымбаев арыстықтарға қолдау көрсетті.

Айта кетейік, 24 маусым күні таңғы 9:30-да Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, арты жойқын жарылысқа ұласты.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже