Арыстағы банк күзетшісі тың дерекпен бөлісті

25 маусым, 17:51

«Арыстағы банктер тоналып жатыр екен» деген ел арасында тараған сыбыстарды ондағы күзет қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды Арыста жүрген Elitar.kz тілшісі.

Күзет агенттігінің күзетшілері Арыстағы банк, банкомат, ломбард сынды нысандарды тәулік бойы күзетуде. Ел арасында айтылып жатқан қаңқу сөз жалған болып шықты. Бүгінгі таңға дейін Арыстағы ешқандай банк тоналмаған.


«Біздің күзететін өз нысандарымыз бар. Тонау фактілері кездескен жоқ. Біз мұнда банктер, ломбардтар, банкаматтарды күзетеміз. Түнде тыныш болды. Ал жарылыс таңғы 9-30-да басталды. Бір-екі жарылыс болды, сосын тынышталды»,-деді күзет агенттігінің қызметкері Пернехан Бекмұрзаев.



Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже