Біртанов Арыс қаласында зардап шеккендер туралы: "Үш адамға қатысты қауіп бар, оның екеуі - балалар"

05 шілде, 15:52

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті. Қазір реанимациядағы үш зардап шегушінің жағдайы ерекше қауіп астында.

Олардың екеуі балалар. Нұр-Сұлтандағы медициналық мекемеде екі адам ем алуда.

Ауыр жарақат алған 7 жасар Аян Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасына жеткізілді – Біртановтың айтуынша, бұл елдегі балалардың нейротравмасын емдеуге арналған ең үздік аурухана.

"Біз жиі ауыр бас сүйек-ми жарақаттары бар балаларды осында жеткіземіз. Мұнда ең үздік мамандар мен мамандандырылған реанимация күтімдері бар", - деді министр.

Аян - Арыс қаласында зардап шеккен ауыр науқастардың бірі. Ол реанимацияда.

"Алғашқы күннен бастап ол қарқынды терапия алды, бірақ бала өте ауыр жарақат алып, мидың зақымдануына байланысты, терапия әлі де оң динамика бермеді».

Нұр-Сұлтанға жеткізілген 11 жасар баланың жағдайы жақсарған.

"11 жастағы екінші балада - оң динамикалы жағдай. Ол есінен танып, артынан түзелді", - деді министр.
17 жастағы пациенттің жағдайы да қауіп төндіреді. Қазір ол Шымкент ауруханаларының бірінің жан сақтау бөлімінде жатыр.

«17 жастағы жас жігіт Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасының реанимациясында", - деді Біртанов.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже