Арыстықтар жөндеуден өтіп жатқан үйлерінде қалай тұрып жатыр?

11 шілде, 11:15

Арыс қаласында қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Elitar.kz тілшісі Көктем шағынауданындағы жарылыстардан зардап шеккен үйлерді барып көрді. Терезелері мен есіктердің жоқтығына қарамастан, мұнда адамдар тұрып жатыр.

Жансұлу Шахаева 6 баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Көпбалалы отбасының басқа барар жері жоқ, сондықтан отбасы өз пәтеріне оралды.

Құрылыс жұмыстарының шуы мен пәтерінің алқам-салқам күйіне шыдауға тура келеді, ең бастысы, баспанасы бар.

Жалғызбасты келіншек кенже баласы лагерьге кеткенін, бүгін кешке қайтып оралатынын айтты. Алайда есігі мен терезесі жоқ пәтерге баламды қалай алып келемін деп сары уайымға салынып отыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже