Ресми мәлімдемелерге қарамастан Арыс қаласында адамдар қалған

25 маусым, 15:56

Бұл жөнінде қазір Арыс қаласында жүрген тілшіміз хабарлады. Негізінен бұл блокпостардың болуына қарамастан, әр-түрлі себептермен қалаға қайтып келген адамдар болуы мүмкін.

Elitar.kz тілшісі Арыс көшелерімен жүріп, қала тұрғындарымен кездесті.

"Атамызбен шәй ішіп отырғанбыз. Жарылыс кезінде атаның артындағы терезе сынып кетті. Біз бірден қаштық. Қызым бақшада еді. Мен барсам балалар жоқ. Ол тек кешке Шымкент мешітінен табылды. Біз бірден Шымкентке бардық. Сағат үште жеттік",-дейді Арыс қаласының 30 жасар тұрғыны Арайлым Абдухманова.

Әйел сондай-ақ, қиын кезде ақша тапқысы келгендердің болғанын да айтты.

"Біз қырға қарай жүгірдік. Онда баламызды іздеп едік таппадық. Біраз уақыт жүріп, содан кейін Шымкентке баруды ұйғардық. Әр түрлі адамдар кездесті. Біреу көмектесті, суды үш есе бағасына сатқан адамдар да болды".

Әйелдің айтуынша, Арыс қаласына олар бүгін таңертең қайтып оралған. Полицейлер қажетті құжаттар мен заттарды алып кету үшін қалаға кіруге рұқсат берген.

Айта кетейік, қалада байланыс жүйесінде іркілістер байқалды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже