Әкімшілік полиция басшысы: "Арыс қаласында қанша тұрғын қалып отыр, белгісіз"

25 маусым, 16:20

Elitar.kz тілшісі қазір Арыс қаласында. Құқық қорғау органдарының айтуынша, қалада қауіпке қарамастан адамдар қалып отыр, бірақ қанша адам қалғанын нақты айтып бере алмады.

«Кешеден бері 345 жеке құраммен Арыс қаласында үш ауысымда тәулік бойы қаланы күзетіп жатырмыз. Қызметкерлер ас-ауқатпен қамтамасыз етілген. Таңертең осында қалып кеткен бір мүгедек адамды алып шықтық. Оны Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылына жеткізіп салдық. Қалаға кіріп кеткендерді шығаруға тырысудамыз. Қалада нақты қанша адам барын білмейміз»,-деді ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Алмасxан Тастанбеков.

Сондай-ақ ол қалада тонау жайттары тілкелмегенін айтты.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже