Шөкеев бір ай Арыс қаласында тұратын болды

28 маусым, 13:31

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір ай Арыс қаласында тұрып, қалпына келтіру жұмыстарын қадағалайтын болады. Бұл туралы облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Өмірзақ Шөкеевтің мәлімдеуінше, Арыс 17 секторға бөлінген. Әр секторда 400-450 үй бар. Ол үйлерге Президенттің тапсырмасымен 17 облыстан құрылыс мамандарынан құралған мамандар келеді. Олар палаткада жатып, жұмыс істейді. Қала бір айда қалпына келтіріледі.

«Мен күнде сіздермен бірге боламын. Бір ай осы жерде тұрамын. Барлығы аяқталғанша сіздермен жүремін. Арандатушылардың сөзіне сенбеңіздер, біз елміз ғой, елдігімізді танытайық. Айналайын халқым, сіздер жалғыз емессіздер, барлығы көмектесіп жатыр, сабыр сақтайық. Айналайын, халқым, берекемізді бұзбайық. Әрі кетсе бір-екі күнде қалаға кіресіздер. Снаряд жарылмайды, оның 70 пайызы жарылып бітті. Қалған қару-жарақтың барлығын алып кетеді. Қару-жарақ қоймасы түгел жойылады. Саперлар кезекшілікте болады. Күдікті нәрсе көрсеңіздер, бірден 112 деген номерге хабарлау керек», – деді облыс басшысы.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже