Шымкент қаласындағы арнайы 15 эвакуациялық жинақтау пунктерінде жағдай бір қалыпты

25 маусым, 12:57

Көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік, киім-кешек пен ас-ауқат жеткізілген.

Аталған орындарға Шымкент қаласы волонтерлық корпусының 500-еріктісі жұмылдырылған. Олар, физикалық тұрғыда азаматтарға қол ұшын беріп, оқыс оқиғада ата-анасынан көз жазып қалған бүлдіршіндерді іздестіруге атсалысып жатыр. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері оның ішінде, психолог, социолог, заңгер сынды мамандар халықпен тығыз жұмыс істеуде.

Ал, көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізгісі келгендер «Көрме» орталығына алып барғаны жөн. Заттар мұқтаж жандарға сол жерден таратылады. Яғни, Түркістан, Отырар, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш пен Ордабасы аудандарына сол жерден қажетті заттар жіберіледі. Төменде аталған аудандардың жауапты өкілдерінің байланыс нөмерлері көрсетілген.

1.Түркістан қаласы. Ақмарал Батырбекова – 8701-606-62-72
2.Шардара қаласы. Ақшагүл Бердалиева – 8778-188-19-65
3.Орынар ауданы. Жанат Мусатаева – 8771-795-60-60
4.Қазығұрт ауданы. Асан Усенбаев – 8705-868-15-65
5.Сарыағаш ауданы. Бауыржан Майрыхов – 8707-779-19-74
6.Ордабасы ауданы. Шұға Турабаева – 8778-403-90-00

Сондай-ақ бір тәуліктен бері абыр-сабырға түскен балалардың көңілін аулау мақсатында сағат 14:00-де ертегі кейіпкерлерінің образына енген аниматорлар №87 мектеп (эвакуациялық жинақтау пункінде) арнайы бағдарлама әзірлемек. Тосынан болған келеңсіз жағдайда көмек көрсетіп, атсалысып жатқан жаны жомарт азаматтарға мың алғыс!

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже