Шымкентте эвакуациялық пункттер саны 31-ге жетті

25 маусым, 13:11

​Келіп жатқан арыстықтардың көбеюіне байланысты Шымкентте эвакуациялық пункттер саны 31-ге дейін артты. 12.40 (25 маусым) жағдай бойынша Шымкенттің эвакуациялық пункттеріне 2366 адам қабылданды.

Қала әкімі өз кезегінде қиын кезде қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға алғыс білдірді.

"Қала мектептері, колледждері мен университеттерінен басқа, жеке бизнесмендер Арыс қаласынан келгендерді орналастыру үшін өздерінің үй-жайлары мен жеке оқу орындарын ұсынады. Үлкен рахмет!",-деп жазды Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инстаграмдағы парақшасында.


.

Қазіргі уақытта көрме орталығында және түрлі ұйымдарда азық-түлік пен киім жинау жүріп жатыр. Қалада жағдайды анықтау үшін патруль ұйымдастырылды. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 500 ерікті жұмылдырылды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже