Облыс әкімінің кеңесшісі: "Арыстағы жағдай бақылауда"

24 маусым, 17:56

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Арыс қаласының жағдайы туралы айтты.

Арыс қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті, эвакуацияланған халықтың мүлкін сақтауға, оларды Арыс қаласынан шығарып салуға жұмылдырылған.

Төтенше жағдай орнына ҚР ІІМ бөлімшелерінің 463 адамы мен 53 техникасы тартылды.
Олардың қатарында азаматтық қорғау органдарының 193 қызметкері мен 23 техникасы, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің 270 қызметкері мен 30 техникасы бар.

Сондай-ақ, Арыс қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Шымкент қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің 500 әскери қызметшісі жіберілді.

Осы жәйтке байланысты Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Шымкент аймақтық әскери-тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 462-бабы 1-бөлігімен (қару-жарақ, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғады.

Жағдай ішкі істер органдарының бақылауында.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Ішкі істер органдары зерттейтін Арыс қаласынан жоғалып кеткен балалар туралы ақпарат орналастырылады. Оқиға орнынан көшірілген адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Ішкі істер министрлігі үрейленбеуге және ресми көздерден тексерілген ақпаратқа сенуге шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тәулік бойы кез келген ақпаратты алуға болатын "қауырт желі" ашты. Қауырт желінің телефон нөмірі 8 (7252) 44-94-72.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже