​Арыс қаласында оқ-дәрінің жарылуына байланысты 100-ден астам адамнан жауап алынды

03 шілде, 15:17

Арыс қаласында оқ-дәрінің жарылуынан 100-ден астам адамнан жауап алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас әскери прокурорының орынбасары Дархан Ержановқа сілтеме жасап.

"Осы кезеңде 100-ден аса адам тергелді. Қазір түрлі болжамдар қарастырылуда, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтамау. Бұл қысқа тұйықталу, тез тұтанатын заттардың жануы, сондай – ақ лауазымды тұлғалардың салғырттығы және басқа да нұсқалар болуы мүмкін", - деді ол.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша ІІМ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын тергеу тобы құрылды.

Ол тергеу жоспары жасалғанын, бастапқы кезеңде тергеу болған оқиғаның мән-жайын, соның ішінде адамдардың қаза болуын анықтауға баса назар аударғанын атап өтті.

Ержановтың мәлімдемесіне сәйкес, сондай-ақ қоймалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі, жарылғыш заттарды қоймалаудың дұрыстығы тексеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Түркістан облысы Арыс қаласында 24 маусымда әскери бөлім аумағында жарылыс болып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты: 2 әскери қызметкер, 1 азаматтық қызметкер.

ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы Арыс қаласында төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже