Түлкібас жастары Арыстың күл-қоқысын тазалап шықты

06 тамыз, 19:30

Арыс қаласындағы Түлкібас ауданы мен Алматы қаласына бекітілген 14 секторда құрылыс пен тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен 50 түлкібастық жасыл ел сарбаздары "Бірге таза Арыс" атты акциясын өткізді. Акция барысында 10 көше бойлары мен 5 әлеуметтік нысан аумағы толығымен тазаланып, тазалаудан шыққан 4 тоннаға жуық күл-қоқыс пен 200 қап тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалармен қала сыртындағы қоқыс тастайтын орындарға тасымалданды. Бұл туралы Түлкібас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Секторда жалпы 540 үй болса, олардың ішіндегі зардап шеккені - 531 үй. Бүгінгі таңда 378 үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Ал құрылысы толығымен аяқталып пайдалануға берілген үйлер саны - 148. Сектор аумағындағы жалпы құрылыс жұмыстарына 28 арнайы техника мен 725 құрылысшы ат салысуда.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже