Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды

25 маусым, 14:36

Бұл туралы ақпаратпен Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Президенттің бұл бастамасын Президент Әкімшілігінің қызметкерлері де бір ауыздан қолдаған.

"Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды",-деп жазды Берік Уәли.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже