Арыс қаласында жарылыс қаупі жоқ оқ-дәрілердің фрагменттерін жою жұмыстары басталды

02 шілде, 13:51

Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласында жарылыс қаупі жоқ оқ-дәрілердің фрагменттерін жою жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыстар күн сайын таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін жүргізіледі. Фрагменттерді жоюмен Қарулы Күштер инженерлік әскерлерінің бөлімшелері айналысады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тасымалдауға жатпайтын оқ-дәрілердің фрагменттері Арсенал аумағында жойылады, қалғандары Арыс қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерге шығарылып, арнайы жабдықталған "Казарсенал" полигонында жойылады.

Қорғаныс ведомствосының мәлімдеуінше, жою кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданатын болады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже