Зардап шеккен арыстықтарға 213 млн теңге мен тонналаған азық жиналды

26 маусым, 11:30

"Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорының есебіне облыс әкімдігінің деректері бойынша 213 миллион теңге түсті. Бұл сома айтарлықтай өсуде, деп хабарлайды ТО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Қаржыны еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары мен Түркістан облысының танымал бизнесмендері, әкімдіктердің қызметкерлері, "Shymkent" ӘКК мен еліміздің полиция қызметкерлері аударуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Қорғаныс министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ақшалай көмек көрсетті.

Сонымен қатар, зардап шеккен арыстықтарға жанашыр жандар 100 мың литр су, 3 тонна ұн, 250 кг шай, 2 тоннадан астам тәттілер, 2 тонна макарон, 2 мың қорап жеке гигиена құралдарын тапсырды.

Сондай-ақ, 31 эвакуациялық пункт бойынша гуманитарлық көмек жүктерін бөлу жүріп жатыр, олардың 15-і Шымкент қаласында орналасқан.


Фото: Береке Сейітжаппар


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже