Ашуға булыққан ер кісі әйелі мен мектеп директорын өлтірмек болды

07 қазан, 15:37

Бұл оқиға бесінші қазан күні таңертең Сурхандария облысы, Музрабад ауданының № 23 жалпы білім беру мектебінде болды, деп хабарлайды Өзбекстанның Бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Бас прокуратурада хабарлағандай, азамат Б. Ю. (1982 ж. т., жұмыссыз) жұбайымен ұрысып, ас үй пышағымен оның іш тұсын жарақаттап, кейін мектеп директорына пышақпен үш рет дене жарақатын салған.
Осы жайтқа байланысты сол күні аудан прокуратурасымен Б. Ю.-ға қатысты ҚК-нің 25, 97-баптарының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс жүргізу тәртібімен күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
ФОТО: ашық көздерден

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже