Өзбекстанда ұсақ ақшаларды айналымнан алып тастады

02 шілде, 13:30

Өзбекстанда 1 шілдеден бастап айналыстан 50 және 100 сумдық монеталар мен осы номиналдағы қағаз ақша тәркіленді. Олардың орнына айналымға 2018 жылғы үлгідегі 50, 100, 200 және 500 сумдық монеталар енгізілді, деп хабарлады Kun.uz.

2018 жылдың шілдесінде Өзбекстанның Орталық Банкі 2001-2002, 2004 және 2009 жылдары ОБ шығарған 50 және 100 сумдық монеталар 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін шектеусіз қабылданатынын, ал банк мекемелеріне түскен монеталар енді айналымға шығарылмайтынын хабарлады.

Сондай-ақ, 2020 жылдың шілдесінде 200 және 500 сумдық банкноттар айналымнан шығарылатын болады.

"50 және 100 сумдық банкноттар 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін айналыста болады. 200 және 500 сумдық банкноттар 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады, содан кейін айналымнан шығарылады.

Ескі үлгідегі монеталар мен банкноттарды банктер айналысқа шығарылған күннен бастап жаңа монеталарға айырбастауға болады. 200 және 500 сумдағы банкноттарды 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап банктерде айырбастауға болады", - делінген Орталық банк хабарламасында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже