Қытайда жер сілкінісі 11 адамның өмірін қиды

18 маусым, 13:57

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 07.34-те (5.34 KG), сондай-ақ Ибинь қалалық округінің Чаннин уезінде де тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі 17 шақырым тереңдікте болды.
17 маусымда, сағат 23.00 шамасында (21.00 KG) қытай провинциясында екі жер сілкінісі тіркелді. Алдымен магнитудасы 6,0-ді құрайтын жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 22.55-те (20:55 KG) Чаннин қалалық округінің Чаннин уезінде тіркелді, 40 минуттан кейін тағы бір магнитудасы 5,1 жер сілкінісі сол округте Гун уезінде орын алды.
Соңғы мәліметтер бойынша, 11 адам қаза тауып, 122 адам зардап шекті.
Басылымның айтуынша, Сычуань Қытайдағы ең сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі болып табылады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже