Түркістандағы тарихи орындар туралы ақпаратты мобильді қосымшадан білуге болады

25 сәуір, 19:25

Енді Android платформаларына арналған мобильдік қосымша арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және тарихи тұлғалар мен орындар жайлы мәлімет алуға болады, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қорық-музей өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыты - Түркістан өңіріндегі тарихи-мəдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау жұмыстары. Екінші бағыты – қорық-музей ретінде ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлерді сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру жəне оларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Мобильдік қосымша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде іске қосылып отыр.

Қосымша арқылы пайдаланушылар ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысуларына болады. Сондай-ақ, 3D-тур арқылы көне жәдігерлерді тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, музейге түсетін қаржы және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет алып, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға да мүмкіндік қарастырылған.

Айта кетейік, мобильді қосымшаны Google Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже