​Шымкенттік риэлторлардың қызметі қанша тұрады?

12 ақпан, 14:05

Риэлтор - клиенттерге үйлер мен пәтер іздеумен айналысатын адам. Ол баспана нарығын, бағасын біледі, заңдармен таныс. Дегенмен, бұл сәті түскенде. Ал іс жүзінде риэлторлардың көбісі өзінің не ұсынып жүргенімен таныс емес.

Шымкенттегі баспана нарығында клиенттерімен келісім-шарт түзетін бірнеше компания ғана бар. Қалғандары құжатқа қол қоюмен басын "ауыртып" жатпайды. Ал мұндай риэлторлардың қызметі арзан емес - 15-18 мың теңгеге жетіп жатады. 10 мың теңгеге бағаланатыны сирек. Ол аздай, риэлторлардың көбісі соңғы кезде пәтерді көрсеткені үшін 500-1000 теңге ақы алып жүр.

Мұндай ұсыныстар жылжымайтын мүлік нарығы туралы сайттарда кездеседі. Бірақ, кейде қызмет сапасы сын көтермей жатады. Кейбір риэлторлар өздері ұсынып отырған пәтерді алғаш рет көреді. Яғни, клиент үшін маңызды көптеген тұстардан хабарсыз. Тұрғындардың риэлторларға деген сенімсіздігі осыдан туындайды. Клиенттердің көбісі олардың қызметін пайдаланбауға тырысады. Баспана иесінің өзі берген хабарландыруларды іздестіреді. Дегенмен, ондай жарнамалар сирек кездеседі. Сондықтан клиенттер кейде қулыққа да барады: риэлтор көрсеткен пәтерді ұнатпай, кеткен кейіп танытып, одан кейін пәтер иесімен тікелей келісуге тырысады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже