Мемлекеттік нөмірді жоғалтсаңыз – полицейлердің кеңесі

28 наурыз, 13:16

Бұл жағдайда сіз:

1) Жақын полиция бөліміне жазбаша арыз жазуыңыз керек.
2) Арыздың негізінде сізге талон-хабарлама және мемлекеттік нөмірдің жоғалуы немесе ұрлануы туралы расында да арыз жазғаныңыз туралы анықтама беріледі.
3) Осы анықтамамен сіз мамандандырылған ХҚО-на барасыз, онда сізге ескі нөмірдің көшірмесін немесе жаңа нөмір береді.
4) Ескі нөмірді қалпына келтіру үшін 8000 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек (егер бір нөмір болса – 4000 теңге).
5) Егер жүргізуші жаңа мемлекеттік нөмір алуды қаласа, ескі нөмір есептен алынып, техқұжат пен мемлекеттік нөмір ауыстырылады. Онда техқұжат үшін қосымша 1 АЕК көлемінде ақы төлеу қажет.
6) Әзірленген уақытына қарай (3-тен 7 күнге дейін) сізге нөмір беріледі.
Сонымен қатар, ҚР ҚПК 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылықтың бұл санаты жекеменшік-қоғамдық айыптауға жатады. Бұл істер бойынша өндіріс жәбірленушінің шағымынан кейін басталады. Бұл жағдайда шығын мемлекеттік органға келтірілген, негізгі иесі мемлекеттік орган болып саналады.
Қазіргі таңда мемлекеттік нөмірдің бағасы 7707 теңге. Мемлекеттік органға келтірілген шығын көлемі 10 АЕК аспағандықтан, мұндай фактілер бойынша материалды номенклатуралы іске жіберу туралы шешім қабылданады. Дегенмен, полицейлер осындай фактілерге қатысты тұлғаларды анықтауға байланысты іздеу жүргізеді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже