Қазақстанда NASA ақпараттық орталығы ашылуы мүмкін

19 қыркүйек, 12:25

Қазақстанда NASA Орталық Азия өңірлік ақпараттық орталығын ашу жоспарлануда, деп хабарлады сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.​

Нұр-Сұлтан қаласында космос арқылы Жерді бақылаудағы өзгерістерге қатысты тәжірибе алмасу мақсатында өткен халықаралық конференцияда GEOGLAM NASA бағдарламасының жетекшісі Крис Джастис сөз сөйледі. Ол қашықтықтан зондтау бойынша қазақстандық мамандардың жұмысын жоғары бағалады және Қазақстанның ғарыштық мониторингінің нәтижелерін жердің жаһандық мониторингіне енгізу қажеттігін атап өтті.

"Біздің кездесуіміз ұйымдар мен университеттердің қатысуымен халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша деректер мен тәжірибе алмасудың Орталық Азия желісін құру мәселесіне бағытталған. Шешімдердің бірі Қазақстанда NASA Орталық Азия аймақтық ақпараттық орталығының ашылуы болмақ",-деді ғалым.

Конференция қорытындысы бойынша жол картасын қабылдау жоспарланып отыр, ол NASA-мен одан әрі жұмыс істеуге және технологиялар трансфертіне бағытталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі екі оптикалық аппаратты (орта және жоғары кеңістіктік рұқсаттарды) ұсынады, сондай-ақ ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені мен ғарыш аппараттарынан деректерді қабылдау және өңдеуге арналған кешен жұмыс істейді.

Конференцияда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің, NASA штаб-пәтерінің, Мэриленд мен Мичиган штаттарындағы университеттердің, Эллада технологиялар және зерттеу орталығы (Греция) мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже