Шымкент полицейлері заңсыз көші-қонмен күреске шықты

26 тамыз, 11:27

Көші-қон талаптарын орындамағаны үшін 7 ай ішінде Шымкент қаласының аумағынан 351 адам шығарылған.

Ағымдағы жылдың 20 тамызында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Шымкент қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының Көші-қон қызметі басқармасының жеке арнайы взводының қызметкерлері Тәжікстан Республикасы азаматының қала көшелерінің бірінде құжаттарын тексеру кезінде оның үстінен 2019 жылдың 4 наурызынан бастап Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы іс қаралғанын анықтаған.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ӘҚБтК 669 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Жалпы, жыл басынан бері 7 ай ішінде көші-қон талаптарын орындамағаны үшін Шымкент қаласының аумағынан 351 адам шығарылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже