Шымкентте субұрқақты жөндеу жұмыстары күзде басталды

03 қыркүйек, 15:31

10 жыл бойы жөндеу көрмеген субұрқақ қайта іске қосылмақ.

А.Байтұрсынов көшесі бойындағы сквер мен субұрқақты жөндеуге 49 млн теңге қаралған.

Мердігер мекеме жұмысты желтоқсан айында толықтай ақтауы тиіс. Мердігер мекемедегілердің айтуынша, онда 2 600 шаршы метр аумаққа газон мен 1400 шаршы метр аумаққа аяқ жол төселеді. Одан өзге 33 қоқыс жәшігі орнатылады. Сквер аумағына жас көшеттер отырғызылады.

Мамандар бұл сквердің көп ұзамай қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс орнына айналатынына сенімді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже