11 жастағы сарыағаштық оқушы алты күннен соң Шымкенттен табылды

24 қыркүйек, 09:30

Сарыағаш тұрғыны баласының із-түзсіз жоғалғанын айтып полицияға арызданған. Тұрғын өз арызында ұлының белгісіз бағытқа шығып кеткеніне бір аптаға жуықтағанын жеткізген. Бала 2 күннен соң хабарласып, туысының үйінде екенін айтқан. Бірақ ол туысының үйіне бармаған болып шығады. Айта кетейік, мектеп оқушысы бұған дейін де бірнеше рет ешкімге айтпастан үйінен кетіп қалып жүрген. Баланың әкесі әйелімен ажырасып, отбасынан бөлек тұрады. Сондықтан бала оны іздеп жиі жолға шығып кететін болған.

"Жасөспірімді іздеуге Сарыағаш АПБ бүкіл жеке құрамы, жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторлары мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Баланың туған-туыстарының үйіне барып, іздеу жұмыстарын күшейтеді. Жасөспірімнің әкесінің Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны екенін анықтаған полицейлер сол жақтағы іздеу жұмыстарын да қолға алады. Осындай жұмыстың нәтижесінде 11 жасар бала Шымкенттегі әуежайдың аялдамасынан табылды. Тексере келе баланың бір апта бойы әкесінің алыс туыстарының үйінде жүргені анықталды. Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, арнайы психолог мамандардың көмегімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін оны анасына табыстады" делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже