22 жастағы жігіт Өмірзақ Шөкеевтің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

05 наурыз, 19:00

Асыл Алдаберген Түркістан облысы әкімінің өкімімен аймақ басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Асыл Берікұлы 1998 жылы Түркістан қаласында туған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Turkistan Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің менеджері және басшысы болған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының көмекшісі қызметтерін атқарған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже