5 қыздың өлімі: Ситер отбасында орын алған өртке қатысты іс тоқтатылды

14 маусым, 17:30

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында елордадағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған өртке қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев мәлім етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Бес қыз өліміне қатысты толық тергеу жүргіздік. Аталған іспен полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысқан болатын. Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған іс өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Құзырлы орган - Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына аталған шешімнің заңдылығын тексеру үшін іс құжаттары жолданды», - деді Ғазиз Нұрқаев. Оның айтуынша, өрт-техникалық сараптама қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздік техникасын бұзу жайты анықталған. Белгілі болғаны, отбасы тұрған уақытша баспананы отағасының өзі салған және пеш құбырларын жүргізерде ақау жіберген.

Естеріңізге салсақ, 4 ақпан күні түнгі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шыққан болатын. Алапат өрттен үйдің ішінде болған бір үйдің бес бірдей қызы көз жұмды. Олар: 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келгендер. Төтенше жағдай орын алған кезде бес қыздың ата-анасы түнгі кезекшілікте жұмыста болған.

Қайғылы жағдай күллі қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Осы оқиғадан кейін елімізде көпбалалы аналар жаппай наразылық танытып, биліктен қолдау көрсетілуін талап етті.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже