80 мың теңгесін алып кеткен: Алматыда бұрын сотты болған әйел зейнеткерді сан соқтырды

17 қыркүйек, 12:50

Өзін әлеуметтік қызмет саласының өкілімін деп таныстырған 50​ жастағы бейтаныс әйел 82​ жастағы тұрғынның 80 мың теңге зейнетақысын алдап алып кеткен. Бұл оқиға Алматы облысындағы Ескелді ауданы, Қарабұлақ елдімекенінде орын алған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Егде жастағы әйел азаматы өзін әлеуметтік сала қызметкерімін деп зейнеткерге келеді. Ол өз сөзінде қарт тұрғынға азық-түлік пен көмір арнайы акция аясында тегін таратылып жатқанын айтады. Сөзі дәлелді болуы үшін зейнеткерге бірнеше келі макарон, ұн мен қант табыстап, акция аясында үш тонна көмір берілетінін айтқан.

«Аталған дерек бойынша бұған дейін алаяқтық істері үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны күдіктә ретінде ұсталды.Ол алдау арқылы 80 000 теңге қаржыны иемденген. Алаяқтық бойынша күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес іс қозғалды. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Көрнекі фото: hs.oblast.online

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже