Алдағы үш тәулікте шығыста жауын жауса, оңтүстікте күн қатты ысиды

17 маусым, 15:30

"Қазгидромет" орталығы Қазақстан бойынша алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қазақстанның шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронттардың жылжуы жалғасады. Сондықтан алдағы үш тәулікте кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, найзағай кезінде күшті екпінді жел күтіледі, күндізгі сағаттарда бұршақ болуы мүмкін, ал ауа температурасы климаттық нормадан төмен сақталады.

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым аймағы таралып, соның әсерінен аздаған бұлтты және ыстық ауа райы күтіледі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже