Алматы облысында автобус апатқа ұшырап, тоғыз оқушы зардап шекті

28 қыркүйек, 15:35

Зардап шеккендер оқушылардың барлығы Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы бір мектепте оқиды.

Жол-көлік апаты Жамбыл ауданында орын алған.

Оқушылар автобуспен Таңбалы тасты көруге саяхаттап шыққан. Қазіргі таңда тоғыз бала Ұзынағаштағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Барлығының жағдайы жақсы. Дәрігерлер тиісті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аудан әкімі мен прокуратура орын алған жағдайды өз бақылауларына алды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже