Алматы облысында дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты

06 тамыз, 16:01

5 тамызда Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағындағы таулы жерлерде дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Elitar.kz.

Оның біреуі Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, қалған екеуі өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар, 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алды, оның ішінде 1 адам аяғын сындырды.

Зардап шеккендер Лесновка ауылына тікұшақпен жеткізілді, олар одан әрі Жаркент қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылады.

Оқиға орнында Алматы облысының ТЖД мен Полиция департаментінің жеке құрамынан 59 адам, 13-тен астам арнайы техника, сондай-ақ Жаркент мемлекеттік орман мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Өрт ошағын сөндіруге өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындар, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмылдырылды.

Таулы жердегі өртті сөндіру қиындық туғызуына байланысты суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Жақын маңда су алатын айдын-көл болмағандықтан, әуе кемесі адамдарды тасымалдап, қоржынды бүріккіштерді сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді.

Табиғи апатпен күрес аса қиын жағдайда өтті. Күрделі метеожағдайда айналаның көрінуі нашар болды, өрт сөндірушілерге көп күш жұмсауға тура келді.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрт ошақтарын оқшаулау үшін қосымша күштер мен құралдар тартылды. Оқиға орнына тағы бір «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді.

Жағдай қатаң бақылауда.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже