Алматы облысында құтырған бұқа базарды талқандады

05 тамыз, 16:45

Алматы облысындағы Гүлдала ауылында өгіз базардың астаң-кестеңін шығарған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиға автомобиль базарында болған: барлық жерде автобөлшектер, жанар-жағар май материалдары бар контейнерлер шашылып жатыр. Сондай-ақ, құтырған жануар контейнерлерге соқтығып, өз жолындағының барлығын қиратқаны көрінеді.

Бұқаның қасапханадан қашқаны белгілі болды.

Кейбір қораптарда қаның дағы көрінеді. Оның кімге тиесілі екені белгісіз. Жануар оқиға орнында өлтірілген.

"Гүлдала ауылындағы автокөлік базарының аумағына құтырған бұқа шапты. Азаматтар бірнеше контейнерлерді бүлдірген жануарды "залалсыздандырды". Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ", - делінген пост астына.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже