Алматы облысында жас жігіт ерегісіп қалған досын пышақтап кетті

20 қыркүйек, 11:00

Оқиға 15 қыркүйек күні Сарқан ауданының Екіаша аулында болған. Жәбірленуші ауруханада жатыр.

Алматы облысының полицейлері бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты ауылдасына пышақтады деген күдікпен ұстады. Ал жәбірленуші ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі тұрғын алдымен сөзге келіп қалады, артынан біреуі жарақаттанған.

Полицейлерге 33 жастағы азаматтың ауруханаға пышақ жарақатымен түскені туралы хабарлама келіп түскен. Ал күдікті белгісіз бағытта ізін суытқан. Аталған факт бойынша Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес (Қасақана ауыр дене жарақатын салу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Бұл қылмысқа қатысы бар күдіктінің мекенжайын анықтау мақсатында тиісті шаралар қабылданды. 27 жастағы күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол туралы нұсқама барлық полиция бөлімшелеріне жолданды. Жедел топ күдіктінің соңына түсіп, оны Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Қазіргі уақытта күдікті Сарқан қаласына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу ісі жергілікті полицейлердің өндірісінде. Полиция қызметкерлері қылмыс құралы болған пышақты іздеп тапты және оны айғақ зат ретінде іс материалдарына тіркеді. Зардап шеккен ер адам әлі күнге дейін дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже