«Алматы-Қорғас» жолында 35 шақырымдық электр желісі қолды болған

09 қыркүйек, 13:30

​Жол қызметінің күнделікті тексеру жұмыстарына қарамастан, ақылы учаскелерде жол элементтерін ұрлау фактілері азаймай тұр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

"Мәселен, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесінде 2018 жылдан бастап 10 ұрлық фактісі тіркелген. Кабельдер мен үй жануарлардың жолға шықпауы үшін орнатылған арнайы қоршаулармен қатар, басқа да бағалы техникалық-құралдар ұрлануда. 2018 жылдың сәуір айында демалыс алаңындағы беседка, ал ағымдағы жылдың тамыз айында ақылы учаскеден дизельді-генератор ұрланған. Сонымен қатар, 7 дана жарық прожекторы, 30-ға жуық жарық беретін құрылғы, 412 бірлік консоль ұрланған. «Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесінде 5 мың метрден астам қоршау ұрланды" делінген хабарламада.

Кабельдер мен қоршауларды ұрлау фактілері Алматы облысындағы ақылы учаскелерде де жиі тіркелетін болып шықты. Бұл облыстағы ұрлықтың ауқымы да кең. «Алматы-Қорғас» ақылы жолындағы қайта жаңарту жұмыстарынан кейін учаскеден 35 шақырым электр желісі ұрланған. Бірақ бұл аталмыш учаскедегі ұрлық фактілерінің тек бастамасы ғана. Байсерке, Ақбастау және Қазатком жол айырығында 3 трансформатор ұрланған. «Алматы-Қапшағай» учаскесіндегі үш рет ұрланған электр желілерінің жалпы көлемі 6 шақырымға жетеді. Жолдың бойындағы демалыс алаңдарынан орындық пен үстелдермен қатар, аялдама павильондарын ұрлаған фактілер де тіркелген.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже