Алматы прокуратурасы есірткімен күресті күшейтті

04 қыркүйек, 21:00

​Алматы қалалық прокуратурасының бастамасымен жастардың синтетикалық есірткі заттарын қолдануының алдын алу мақсатында оның зияны мен салдары туралы әлеуметтік бейнеролик дайындалды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда Алматы қаласында есірткіге тәуелді 1 мыңнан астам азамат медициналық есепте тұр. Оның басым көпшілігі және жалпы есірткіні қолдануға бейім адамдар санатына жастар жатады.

"Қазіргі таңда өсімдік тектес дәстүрлі есірткі құралдарын адам ағзасына әсері жағынан неғұрлым күшті және денсаулығы үшін аса зиянды жоғары концентрацияланған препараттармен ығыстыру жүріп жатыр.

Талдау синтетикалық есірткілерді қолдану кезінде адамдарда психикамен ауыр проблемалар, бақылауды жоғалту байқалатынын куәландырады, бұл көбінесе өзіне-өзі қол жұмсауға әкеледі. Осыған байланысты бұл жағдайды қоғамдық бірлескен күш-жігермен ғана өзгертуге болады" делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже