Алматыда анасы мен қызын зорлықпен өлтірді деген күдікпен 45 жастағы әйел ұсталды

17 қыркүйек, 18:15

Кеше, 16 қыркүйек күні Алматы облысы, Бәйдібек би ауылындағы жеке үйлердің бірінен зорлықпен өлтірілген екі әйел азаматының денесі табылды. Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында 45 жастағы әйел азаматы күдікті ретінде ұсталып отыр.

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Кісі қолынан зорлықпен көз жұмған екі әйел азаматы анасы мен қызы болған. Анасы 1952 жылы дүниеге келген, ал қызы 1975 жылғы.

«Кісі өлімін ашуға бағытталған үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ретінде осы ауылдың 45 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір әйел қамауға алынды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес жүргізілуде. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу облыстық департаменттің ерекше бақылауында», - деп мәлім етті Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже