Алматыда тағы бір бойжеткеннің мәйіті табылды

14 қыркүйек, 17:30

25 жастағы бойжеткеннің мәйіті Түрксіб ауданында кеше табылған.

Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, бойжеткеннен зорлау фактісі анықталмады. Бұл оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелген.

Бойжеткен өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Естеріңізге салсақ, қыркүйектің 9-ында Алматыда 1992 жылғы бойжеткеннің мәйіті табылған болатын. Полицейлер бұл кезде де қыздың денесінде зорлық белгілері болмағанын анықтады. Белгілі болғаны, 26 жастағы қыз тұрғын үй кешенінің бірінде үй қызметшісі болып жұмыс істеген. Ал өзі "Әйгерім" мөлтекауданында тұрған.

ФОТО: DKnews

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже