Алматыдағы алапат өрт: Үйінді астынан әйел адамның мәйіті табылды

17 қыркүйек, 15:20

Әйел азаматының мәйіті өртенген цех ғимаратында үйіндінің астынан табылған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің мәліметінше, әйел азаматының денесі өрттен кейінгі жинастыру жұмыстары кезінде табылған. Нақтырақ айтқанда, құрылыс қалдықтарын жинап жатқан сәтте өртенген құралдарға су құю кезінде үйіндінің астынан мәйіт табылды. Қайтыс болған адам әйел азаматы.

Еске салсақ, бүгін сағат 12-лер шамасында "101" қызметіне Жетісай ауданындағы Ратушный көшесіндегі жиһаз цехынан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына санаулы минуттарда келіп жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына кірісті. Өртті сөндіруге 20 техника мен 60 қызметкер жұмылдырылды. Алапат алау шамамен бір сағатта сөндірілді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер 1000 шаршы метр аумақтың өртке оранғанын хабарлады.

Көрнекі фото: Newtimes.kz

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже