Алсуға Халық әртісі атағы берілді

17 маусым, 16:30

Башқұртстан басшысының міндетін уақытша атқарушы Радий Хабиров "Еуразия жүрегі" халықаралық өнер фестивалінде өнер көрсеткен әртістерді, оның ішінде Башқұртстанның Халық әртісі атағын алған Алсуды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Әртіс осындай жоғары баға бергені үшін алғыс айтып, Башқұртстанға жеке концертімен келуге уәде берді.

Республиканың 100 жылдығына арналған фестиваль 12-15 маусым аралығында Уфа қаласында өтті.

Айта кетейік, 2018 жылы әншіге Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. 2010 жылдан бері Алсу Татарстанның Халық әртісі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже