Ақмола облысында Ан-2 ұшағы құлады

20 маусым, 12:30

20 маусым күні сағат 10:00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікті химиялық өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Оқиға салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, екі экипаж мүшесі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

"Жағдайлары ауыр. Олар ашық бас сүйек-ми жарақаттарын алған. Біздің ақпаратымыз бойынша, олардың бірі елордалық травматология ҒЗИ-ға жеткізілді. Екіншісі темір жол ауруханасында жатыр", - деп хабарлады аудандық емханада.

Құлау себебі анықталуда.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже